О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 26 ноября 2010 года № 404/53-IV «Об утверждении границ охранных зон, зон регулирования застройки памятников истории и культуры города Астаны» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 36-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 658 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 2010 жылғы 16 желтоқсанда шыққан 139 және 146 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымшада: реттік нөмірі 25 жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.