О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 26 марта 2010 года № 83 "Об утверждении перечня автомобильных дорог областного значения" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабындағы 7 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1741 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 мамырында № 84-85 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесінде: 11 жолындағы «Қордай-Масаншы-Сортөбе» деген сөздер «Қарасу-Масаншы-Сортөбе» деген сөздермен ауыстырылсын, «65» деген сандар «50,6» деген сандарымен ауыстырылсын; 12 жолындағы «Қордай - Қарасу өткізу пункті» деген сөздер «Тоғызкент-Үшарал» деген сөздермен ауыстырылсын, «0,6» деген сандары «13» деген сандарымен ауыстырылсын; «Барлығы» деген жолындағы «2272,84» деген сандары «2258,84» деген сандарымен ауыстырылсын; 28, 29, 32 жолдары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы З.С. Сағынов 25.07.2011 жыл