О внесении изменений и дополнения в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан и постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам регулирования финансовой деятельности, а также признании утратившим силу постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 127 «О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций на Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу, сондай-ақ «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7642 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 112 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақты мынадай редакциядағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері, оның мәні 1 (бір) миллиард теңге құрайды.».
Тармақ 2
2. «Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгіленсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пруденциялық нормативтердің және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына мыналар:
1) Ұйымның жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері;
2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге Ұйымды капиталдандыру кіреді.
4. Ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 800 (сегіз жүз) миллион теңге құрайды.
Ұйым акционерлерден меншікті акцияларын, егер мұндай сатып алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген пруденциялық нормативтердің кез келгенін және басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға апармайтын жағдайда сатып алады.»;
9- тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облигациялар Ұйымның реттелген борышы деп танылады және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есептің негізінде ғана Ұйымның меншікті капиталына енгізіледі.»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Шетелдік арнайы қаржы компаниялармен шет мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансшекаралық секьюритилендіру мәмілелеріне арналған бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің (не облигациялық бағдарламаның) көшірмесін не «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелеріне арналған облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;»;
43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес басқа қаржы ұйымдары – код «5», мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – код «6», мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – код «7», үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – код «8» деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;»;
44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«k5 коэффициентін мақсатында Ұйымның Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы жиынтық міндеттемелерінен мыналар:
Ұйым айналысқа шығарған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың № 203 қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес басқа қаржы ұйымдары – код «5», мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – код «6», мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – код «7», үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – код «8» деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.»;
45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«k6 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы жиынтық міндеттемелерінен мыналар:
Ұйым айналысқа шығарған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың № 203 қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес басқа қаржы ұйымдары – код «5», мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – код «6», мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – код «7», үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – код «8» деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.»;
1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерге 1-қосымша»;
2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерге 2-қосымша»;
3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерге 3-қосымша»;
4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерге 4-қосымша»;
5-қосымша осы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулылары мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаржы қызметін реттеу мәселелері жөніндегі қаулыларының тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 234 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19769 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-3-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, қаржы ұйымдарының және (немесе) қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың (бұдан әрі – қатысушылар) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың арнайы талаптарын, қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметтің түрлерін, шарттың қолданылу мерзімін, тұтынушылар санын, міндеттемелер көлемін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының ерекше реттеу режиміне қатысушыларға қолданылу шектерін әрбір қатысушыға қатысты жеке-жеке айқындайды.».
Тармақ 4
4. «Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін, сондай-ақ банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірде № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38478 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтерде, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелерінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жаңадан құрылатын банк конгломераты үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері кемінде 100 (бір жүз) миллион теңге мөлшерде белгіленеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер бір банк конгломератының құрамына бірнеше банк холдингтері кіретін болса, онда банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті банк холдингтерінің біреуі үшін ғана есептеледі (банк конгломератының жоғарғы деңгейі).
Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті үтірден кейінгі бір белгісі бар санмен көрсетіледі.
Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 1,0 (бір) мөлшерінде белгіленеді.
Банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы:
МК – Нормативтердің 6-тармағына сәйкес банк холдингі (бар болса) немесе банк деңгейінде шоғырландырылған меншікті капитал;
И – шоғырландырылған пайдасының 90 (тоқсан) пайызы және одан да көп пайызы банктің соңғы аяқталған қаржы жылына шоғырландырылған пайданы құрайтын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері не банк холдингтері болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салымды көрсететін инвестициялар;
К – банк конгломератына қатысушылар үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті:
банк конгломератының қатысушысы болып табылатын екінші деңгейдегі банк бойынша банк үшін Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті мәнінің, SREP нәтижелері бойынша немесе SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының сомасы ретінде айқындалады;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератына қатысушы екінші деңгейдегі банк үшін – 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде;
А – банктер болып табылатын банк конгломератына қатысушылардың (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерін қоса алғанда) Пруденциялық нормативтерге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
Қауымдасқан (тәуелді) банктер болып табылатын банк конгломератына қатысушылар үшін тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасы банк холдингінің осындай банктердің жарғылық капиталына қатысу көлемінде есепке алынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банк конгломератына қатысушының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін саралау кезінде банк конгломератына қатысушы тұратын елде орналасқан тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының резидент тұлғаларына қойылатын талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланады.
Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша саралау мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.
Банк конгломератына қатысушылардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомаларының есебіне банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне қоятын талаптары кірмейді.».
Тармақ 5
5. «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірде №72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38501 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасының және 5-тармағының ережелері банк Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарды құрған жағдайларға қолданылады.»;
7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенті шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздардың Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В2»-ден төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі бар.».
Басқа 1.1
Қаржылық қызметті реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Басқармасы
қаулыларының және
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінің Басқармасы
қаулыларының тізбесіне
қосымша
Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті
өзге де нормалар мен лимиттерге
5-қосымша
Ұйым қарыздарының ең жоғары мөлшері
Тармақ 1
1. Ипотекалық ұйым қарыздарының (несие портфелінің) ең жоғары мөлшері мыналардан қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) басқа банктерге берілген қарыздар:
қысқа мерзімді;
овернайт;
ұзақ мерзімді;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар;
қысқа мерзімді;
ұзақ мерзімді;
Тармақша 3
3) клиенттерге берілген қарыздар:
қысқа мерзімді;
ұзақ мерзімді;
Тармақша 4
4) овердрафт қарыздары:
басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген;
клиенттерге берілген;
Тармақша 5
5) мыналарға берілген қаржы лизингі:
басқа банктерге;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
жеке тұлға - клиенттерге;
Тармақша 6
6) клиенттерге факторинг, форфейтинг;
Тармақша 7
7) клиенттердің есепке алынған вексельдері;
Тармақша 8
8) клиенттерге берілген басқа да қарыздар;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары;
Тармақша 10
10) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешек.
Тармақ 2
2. Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар қарыздарының (несие портфелі) ең жоғары мөлшері мыналардан қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) берілген қаржылық жалдау (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде);
Тармақша 2
2) берілген ұзақ мерзімді қарыздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде);
Тармақша 3
3) берілген қысқа мерзімді қарыздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде).