О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 26 апреля 2012 года № 128 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2012-2013 учебный год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде № 1809 болып тіркелген, 2012 жылдың 19 мамырында облыстық «Ақ жол» № 56-57(17573-17574), «Знамя труда» № 55(17615) газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 15, 16, 17, 26, 55 жолдары алынып тасталсын; 3 жолында «барлығы» деген бағанадағыда «25» деген сан «49» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «25» деген сан «49» деген санмен ауыстырылсын; 57 жолдағы «барлығы» деген бағанадағы «170» деген сан «295» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «170» деген сан «295» деген санмен ауыстырылсын; «Жиынтығы» деген жолдағы «барлығы» деген бағанадағы «4160» деген сан «4229» деген санмен ауыстырылсын, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанадағы «3158» деген сан «3227» деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.