О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137 «Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банктер: 1) қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде; 2) клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді. Клиенттермен жасалатын қызметтер көрсету туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады. Егер жалпы талаптар қызметтер көрсету туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.