О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2012 года № 841 «Об утверждении Правил рассмотрения, одобрения и реализации проектов, направленных на сокращение выбросов и поглощение парниковых газов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 804-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 306 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы  Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жоба – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жоба;
Тармақша 2
2) жобалық кезең – тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен көміртегі бірліктерін беру жүргізілетін, жобаның іске асырылу мерзімі;
Тармақша 3
3) жоба мониторингінің жоспары  – парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің үздіксіз немесе мерзімді мониторингін немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге байланысты қызмет бойынша басқа да ілеспе деректерді жоспарлаудың жүзеге асырылуына негіз болатын құжат;
Тармақша 4
4) жобаға өтініш беруші – жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 3
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) ауқымы аз жоба – қуаты 15 мегаватқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты не энергия тұтынуды жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде төмендете отырып, энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған не парниктік газдар шығарындыларын жобалық кезең ішінде көміртегі диоксиді баламасының 60 метрикалық килотоннасына дейінгі шекте азайтуға мүмкіндік беретін жоба;
Тармақша 2
2) әдеттегі жоба – ауқымы аз, байланысқан жоба болып табылмайтын, жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жатпайтын жоба;
Тармақша 3
3) жер пайдаланудың өзгеруіне не ормандылықтың артуына жататын жоба – жер пайдалану не ормандылықты арттыру практикасын өзгерту арқылы іске асырылатын парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаның түрі;
Тармақша 4
4) байланысқан жоба – неғұрлым ауқымдырақ басқа жобаның құрауышы болып табылмайтын ауқымы аз бірнеше жобаны біріктіретін жоба.
Тармақ 4
4. Экологиялық кодекстің 94-10-бабының 2-тармағына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
Тармақша 1
1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығында;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
Тармақша 4
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
Тармақша 5
5) жердің тозуының алдын алуда;
Тармақша 6
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
Тармақша 7
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
Тармақша 8
8) көлікте;
Тармақша 9
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;
Тармақша 10
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі
2-тарау. Жобаларды қарау және мақұлдау тәртібі
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларына сәйкес қарайды және мақұлдайды.
Тармақ 6
6. Жобаға өтініш беруші уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесіне сәйкес жобалық құжаттаманы және жоба мониторингінің жоспарын әзірлейді.
Тармақ 7
7. Жобалық құжаттама және жоба мониторингінің жоспары уәкілетті органға берілгенге дейін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның валидациялауына жатады.
Тармақ 8
8. Жобаға өтініш беруші жобалық құжаттаманы және жоба мониторингінің жоспарын олар валидацияланғаннан кейін уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган жобаға өтініш берушіден құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоба бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қабылдайды.
Тармақ 11
11. Мынадай:
Тармақша 1
1) жобаға өтініш беруші ұсынған құжаттардағы мәліметтер толық емес, тиісті түрде дайындалмаған;
Тармақша 2
2) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның растауы болмаған жағдайларда, уәкілетті орган жоба бойынша теріс шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, жобаға өтініш берушіге тиісті хабарламаны не жобаны мақұлдамаған жағдайда, оны пысықтау қажеттілігі туралы шешімді бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган мақұлданған жобаларды есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Мақұлданған жобалар туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) жобаның атауы;
Тармақша 2
2) жобаға өтініш беруші туралы мәліметтер (Т.А.Ә., ұйымның атауы);
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру болжанған орын;
Тармақша 4
4) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру көлемі көрсетіле отырып, орналастырылады.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган жобаға өтініш берушінің келісімі бойынша жобалық құжаттама мен жоба мониторингінің жоспарын өз интернет-ресурсында орналастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Жобаларды іске асыру тәртібі
3-тарау. Жобаларды іске асыру тәртібі
Тармақ 16
16. Жобаны іске асыруды осы Қағидаларда және уәкілетті орган бекіткен Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларында белгіленген, жобаның нәтижелері бойынша мониторинг, жазба жүргізу және оны іске асыру туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) ұсыну жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жобаға өтініш беруші жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жобаға өтініш беруші уәкілетті орган жобаны мақұлдағаннан кейін:
Тармақша 1
1) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру мониторингі;
Тармақша 2
2) есепті дайындау және уәкілетті органның бекітуі үшін оны верификациялауды қамтамасыз ету және шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін шығару жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы жобаны іске асыруды жүргізеді.
Тармақ 18
18. Парниктік газдар шығарындыларын жобалық азайту және сіңіру мониторингі уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Жобаны іске асыру кезінде ұсынылған жобалық құжаттамадан және жоба мониторингінің жоспарынан кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат есепте көрсетіледі.