О внесении изменений в распоряжение Уполномоченного по правам человека от 26 сентября 2013 года № 20 «Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін: Көрсетілген өкіммен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы ережесіне: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабын іске асыру мақсатында»:»; 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабына сәйкес әзірленген».».
Тармақ 2
2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.