О внесении изменений и дополнения в распоряжение Уполномоченного по правам человека от 26 сентября 2013 года № 22 «Об утверждении Правил подготовки ежегодного консолидированного доклада по итогам превентивных посещений» и приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 27 января 2023 года № 4 «Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в распоряжение Уполномоченного по правам человека от 26 сентября 2013 года № 22 «Об утверждении Правил подготовки ежегодного консолидированного доклада по итогам превентивных посещений» и приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 27 января 2023 года № 4 «Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма»
- Атауы (қаз.)
- «Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне және «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 11.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2023 181244_630719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032483
- ЭКБ идентификаторы
- 181244
- Редакция идентификаторы
- 181244_630719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:09
0
«Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне және «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8894 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 144-бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында:»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Баяндаманы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі аясында жүргізілген өзге де іс-шаралардың нәтижелері бойынша оған ұсынылған есептері негізінде дайындайды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Үйлестіру кеңесі мүшелерінің арасынан Баяндаманы дайындауды үйлестіруге жауапты тұлғаны тағайындайды.
5. Баяндаманы дайындауға жауапты тұлға Баяндаманы дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бекітуге ұсынады, онда Үйлестіру кеңесінің Баяндама бөліктерін дайындауға жауапты мүшелерін бекіту, сондай-ақ Баяндаманы және оның бөліктерін құру мерзімдері көрсетіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бекітілген баяндама уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсына оның бекітілуі күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей орналастырылады.»;
Қағидаға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары:
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен ұсынылған Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тұлғалар іріктелінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысын алған күннен бастап бір ай ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.».
2 2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
0 Жыл сайынғы жинақталған баяндаманың құрылымы
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 7 Бұйрығына
қосымша
Алдын ала болу қорытындылары
бойынша жыл сайынғы
жинақталған баяндаманы
дайындау қағидаларына
қосымша
Жыл сайынғы жинақталған баяндаманың құрылымы