О внесении изменения в решение Каратобинского районного маслихата от 26 марта 2013 года № 9-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каратобинском районе" Күшін жойған
Басқа 0
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 9-2 "Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3279 тіркелген, 2013 жылғы 8 мамырдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) түрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
5 тармақтың 4 абзацы мынадай редакцияда жазылсын "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы, немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі