О внесении дополнений в постановление акимата Жуалынского района от 26 мая 2014 года № 237 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Аппарат акима Жуалынского района Жамбылской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 237 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2253 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі №75-76 аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде: 16 тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын: 7 түрі бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (тууды, некені қию, некені бұзу, әке болуды анықтау, қайтыс болуды, бала/қыз асырап алу, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу); -азаматтық хат актілерін тіркеу бойынша қайталама куәліктер, анықтамалар беру; -«АХАЖ ТП», ХҚКО ИАЖ» жүйесін жүргізу; -e.gov.kz электронды Үкімет порталы бойынша қызмет көрсету; -азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету; -мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру; -бақылау, қадағалау өкілеттілігі берілген мемлекеттік органдарына ақпарат беру; -өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенция бойынша); -азаматтардың жүгінуі бойынша қызмет көрсету; -нотариус, адвокаттардың сұранысы бойынша жауап қайтару; -әділет органдарына есеп беру; -мемлекеттік ұйым, органдарынан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.