О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 26 июня 2014 года №26-6 «Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Сарысуском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды
күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы»
Жамбыл облыстық мәслихатының
2014 жылғы 26 маусымдағы № 26-6
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. «Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2283 болып тіркелген, «Ақ жол» газетінде 2014 жылдың 9 тамыздағы №115 (17972) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің мәтініндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және» деген сөздер алынып тасталсын.
Осы шешімге қоса беріліп бекітілген Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидаларындағы «2001 жылғы 30 қаңтардағы» деген сөздері «2014 жылғы 5 шілдедегі» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.