О внесении изменения в решение районного маслихата от 26 декабря 2014 года №364-V «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории сельских округов Курмангазинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 364-V «Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және Ганюшкин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №105 шешімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №364-V «Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3085 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2015 жылғы 19 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшаға:
11 тармақта:
«отыз» деген сөздер «сексен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ш.Жәлелов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.