О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 января 2015 года № А-1/30 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 января 2015 года № А-1/30 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-7/309
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2016 92508_273289.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15B0004926
- ЭКБ идентификаторы
- 92508
- Редакция идентификаторы
- 92508_273289
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:20
0 «Ақмола облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ А-1/30 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4631 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет -құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
6) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) тексерістерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру;
8) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
9) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу.».
2 2. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3 3. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
5 5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы № А-7/309
қаулысымен бекітілген
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістің мәтін
15-тармақ төмендегі жаңа редакцияда жазылсын: