О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров и минимального размера представляемых партий, которые реализуются через товарные биржи Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 9. Биржалық тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы _________ № бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесі № Топ Та­у­ар Та­у­ар­лар­дың ата­уы ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу пар­ти­я­сы­ның ең тө­мен мөл­ше­рі, ол тең болған неме­се одан асып кет­кен кез­де, олар­ды өт­кі­зу та­у­ар бир­жа­сы ар­қы­лы ға­на жү­зе­ге асы­ры­ла­ды Та­у­ар бир­жа­ла­ры ар­қы­лы мін­дет­ті түр­де өт­кізу­ге жа­та­тын та­у­ар­дың ең тө­мен­гі үле­сі және атал­ған мін­дет қол­да­ны­ла­тын субъ­ек­ті­лер­дің са­нат­та­ры 1 2 3 4 5 6 7 1 Энер­гия та­сығ­ы­штар Кө­мір Тас кө­мір; тас кө­мір­ден алын­ған бри­кет­тер, ше­кем­та­стар және қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі* 2701 60 тон­на (кө­мір өн­ді­ру­ші ком­па­ни­я­лар кө­мір­ді ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер үшін са­ту ке­зін­де) Га­гат­тан бас­қа, аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір* 2702 60 тон­на (кө­мір өн­ді­ру­ші ком­па­ни­я­лар кө­мір­ді ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер үшін са­ту ке­зін­де) 2 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі Би­дай және меслин Би­дай және меслин 1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0 600 тон­на Қант Қант 1701 60 тон­на Ар­па Ар­па 1003 10 000 0, 1003 90 000 0 600 тон­на Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған соя бұр­шақ­та­ры Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған соя бұр­шақ­та­ры 1201 60 тон­на Бал­ғын неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған кар­топ 0701 60 тон­на Кард­тық неме­се та­рақ­пен та­ра­у­ға ұшы­ра­ған мақ­та тал­шы­ғы 5203 00 000 0 600 тон­на 3 Ми­не­рал­ды өнім­дер Бо­ял­ма­ған неме­се бо­я­л­ған, дай­ын неме­се күй­ді­рі­л­ген це­мент та­сы ны­са­нын­да порт­ланд­це­мент, гли­но­зем­дік це­мент, қож це­мент, су­пер­суль­фат­ты це­мент және ұқсас гид­рав­ли­ка­лық це­мент­тер 2523 60 тон­на ________________________________ * – көрсетілген тізбе көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылмайды