О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 15-07/572 «Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных организаций, осуществляющих фитосанитарный мониторинг» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11810 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында: 1-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Автомобиль көлігінің тиесілілік нормалары р/с № Заттай норманың атауы Автомобиль көлігінің функционалдық мақсаты Өлшем бірлігі Саны Пайдалану мерзімі (жыл) Таралу облысы 1 2 3 4 5 6 7 1 Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрге дейінгі, жүріп өту мүмкіндігі жоғары жеңіл автомобиль көлігі Жүйелі түрде бақылау жасау үшін (барлық аймақтар үшін) дана 1 7 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РФД және БӘО) әрбір аудандық филиалы үшін Мониторингтік жұмыстар үшін (солтүстік аймақ), оның ішінде: дана 4 7 РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 3 айға жалға алынған дана 3 Мониторингтік жұмыстар үшін (шығыс аймақ), оның ішінде: дана 4 7 РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 7 айға жалға алынған дана 1 3 айға жалға алынған дана 2 Мониторингтік жұмыстар (батыс аймақ), оның ішінде: дана 5 7 РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 7 айға жалға алынған дана 1 3 айға жалға алынған дана 3 Мониторингтік жұмыстар үшін (оңтүстік аймақ), оның ішінде: дана 5 7 РФД және БӘО әрбір аудандық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 7 айға жалға алынған дана 1 3 айға жалға алынған дана 3 Мониторингтік жұмыстар үшін (орталық аймақ), оның ішінде: дана 2 7 РФД және БӘО әрбір аудандық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 3 айға жалға алынған дана 1 Мониторингтік жұмыстар үшін (барлық аймақтар үшін), оның ішінде: дана 2 7 РФД және БӘО әрбір облыстық филиалы үшін тұрақты дана 1 7 жүріп өту мүмкіндігі жоғары, тұрақты дана 1 7 Қызметтік пайдалану үшін, оның ішінде: дана 4 7 РФД және БӘО орталық аппараты үшін қызметтік дана 1 7 жедел дана 2 7 арнайы дана 1 7 «Ескертпе: солтүстік аймаққа Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; шығыс аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан аудандар жатады; батыс аймаққа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; орталық аймаққа Қарағанды облысында орналасқан аудандар жатады; оңтүстік аймаққа Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан аудандар жатады.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Оптикалық аспаптардың және басқа құралдар мен құрылғылардың тиесілілік нормалары»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Зертханалық аспаптар мен ыдыстардың тиесілілік нормалары»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Химиялық реактивтердің және басқа өндіріске және шаруашылыққа қажетті материалдардың тиесілілік нормалары»; 5-тарауда: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Қосымша жабдықтың тиесілілік нормалары»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын: « 7 Планшеттер дана 1 7 «РФД және БӘО» орталық аппаратының, облыстық және аудандық филиалдарының әр басшысына, маманына және лаборанты үшін 8 Геоақпараттық жүйе көрсетілетін қызмет 1 жоқ РФД және БӘО-ның орталық аппаратына, облыстық және аудандық филиалы үшін »; 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6-тарау. Жабдықтың тиесілілік нормалары»; 7-тарауда: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-тарау. Карантиндік объектілерді және ерекше қауіпті зиянды организмдерді анықтау жөніндегі тексеру жұмыстарына арналған нормалар»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 26 және 27-жолдармен толықтырылсын: « 26 Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі көбелектер бойынша және құрттар бойынша гектар 7 27 Сібір жібек көбелегі құрттар бойынша және жұмыртқа салымдары бойынша гектар 5 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі