О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 156 «Об утверждении Правил отбора кандидатов, принимаемых на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан и их предварительного изучения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12782 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады. Бұл ретте "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі. Тестілеудің нәтижелері ол өткізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде жарамды болып саналады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Тестілеуден өткен кезде төменгі шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар тестілеу өткен күннен бастап бір айдан кем емес уақыт өткеннен кейін қайтадан тестілеуге жіберіледі.»; аталған Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Компьютерлік тестілеу бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 18 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидаларына 2 қосымша Компьютерлік тестілеу бағдарламалары Ла­у­а­зым­дар са­на­ты Про­грам­ма Тап­сыр­ма­лар са­ны C-GP-2 C-GP-3 C-GP-4 C-GP-5 C-GP-6 C-GP-7 C-ОGP-2 C-ОGP-3 C-ОGP-4 C-ОGP-5 C-ОGP-6 C-ОGP-7 C-ОGP-8 C-RGP-1 C-RGP-2 C-RGP-3 C-RGP-4 C-RGP-5 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бі­лу­ге те­сті­леу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық ко­дек­сін (12 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сін (12 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сін (12 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық про­це­стік ко­дек­сін (12 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның "Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы" ко­дек­сін (12 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ат­қа­ру­шы­лық ко­дек­сін (10 сұ­рақ), "Про­ку­ра­ту­ра ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), "Құқық қор­ғау қыз­ме­ті ту­ра­лы" (10 сұ­рақ), "Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы" (10 сұ­рақ), "Әкім­ші­лік рә­сім­дер ту­ра­лы" (5 сұ­рақ) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 153 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тің қыз­мет­ші­ле­рі­нің эти­ка­лық ко­дек­сін (Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің эти­ка­лық ко­дек­сі) (10 сұ­рақ) бі­лу­ге ар­нал­ған сұ­рақ­тар­ды қам­ти­ды 120 сұ­рақ C-AGP-3 C-AGP-4 C-AGP-5 C-AGP-6 C-AGP-7 C-AGP-8 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бі­лу­ге те­сті­леу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық ко­дек­сін (7 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сін (7 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сін (7 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық про­це­стік ко­дек­сін (7 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның "Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы" ко­дек­сін (7 сұ­рақ), "Про­ку­ра­ту­ра ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), "Құқық қор­ғау қыз­ме­ті ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), «Бі­лім ту­ра­лы» (15 сұ­рақ), «Ғы­лым ту­ра­лы» (15 сұ­рақ), "Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы" (10 сұ­рақ), "Әкім­ші­лік рә­сім­дер ту­ра­лы" (5 сұ­рақ) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 153 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тің қыз­мет­ші­ле­рі­нің эти­ка­лық ко­дек­сін (Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің эти­ка­лық ко­дек­сі) (10 сұ­рақ) бі­лу­ге ар­нал­ған сұ­рақ­тар­ды қам­ти­ды 120 сұ­рақ C-KGP-2 C-KGP-3 C-КGP-4 C-КGP-5 C-ОКGP-1 C-ОКGP-2 C-ОКGP-3 C-ОКGP-4 C-ОКGP-5 C-ОКGP-6 C-ОКGP-7 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бі­лу­ге те­сті­леу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық ко­дек­сін (5 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сін (5 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сін (5 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық про­це­стік ко­дек­сін (5 сұ­рақ), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның "Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы" ко­дек­сін (5 сұ­рақ), "Про­ку­ра­ту­ра ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), "Құқық қор­ғау қыз­ме­ті ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), "Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін қа­рау тәр­ті­бі ту­ра­лы" (15 сұ­рақ), "Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы" (10 сұ­рақ), "Әкім­ші­лік рә­сім­дер ту­ра­лы" (5 сұ­рақ), «Мем­ле­кет­тік құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­тер ту­ра­лы» (10 сұ­рақ) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 153 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тің қыз­мет­ші­ле­рі­нің эти­ка­лық ко­дек­сін (Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің эти­ка­лық ко­дек­сі) (10 сұ­рақ) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2003 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 1050 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Бас про­ку­ра­ту­ра­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті ту­ра­лы Ере­же­ні (10 сұ­рақ) бі­лу­ге ар­нал­ған сұ­рақ­тар­ды қам­ти­ды 120 сұ­рақ Ескертпе: Заң мамандағы бойынша тиісті білімнің болуын талап етпейтін лауазымдарға орналасуға ниетті кандидаттар тестілеуден өтпейді.