О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 165 «Об утверждении стандартов оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения» Күшін жойған
Басқа 0
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі