О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен
музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен
музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалармен, мемлекеттік музейлер және музей-қорықтармен ақылы қызметтерді көрсетудің және олармен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсаудың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың қолданылуы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтарға, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде сатуды жүзеге асыру үшін таралады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
Тармақша 3
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
Тармақша 4
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
Тармақша 7
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
Тармақша 8
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
Тармақша 9
9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
Тармақша 10
10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
Тармақша 11
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсыну;
Тармақша 3
3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
Тармақша 4
4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
Тармақша 5
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу;
Тармақша 6
6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыру.
Тармақ 5
5. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар прейскурантымен (бұдан әрі – прейскурант) белгіленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында көрнекі қойылған мынадай ақпарат болуы қажет:
Тармақша 1
1) осы Қағидалар, толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған;
Тармақша 2
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі;
Тармақша 3
3) прейскуранты.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың иелігінде қалады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы негізде қызметтерді ұсынуды сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатқан кезде есептесулер міндетті түрде фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдаланумен және клиентке бақылау чегін берумен мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы, қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша ағымдағы шотқа аудару жолымен жасалынады.
Тармақ 10
10. Қызметтің ақылы түрлерін көрсеткен кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сатылған күні, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал жүргізіледі (ерікті нысанда).
Тармақ 11
11. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексімен реттеледі.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақша бақылау шоттарында есепке алынады және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексімен белгіленген тәртіппен жұмсалады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
Тармақша 4
4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
Тармақша 5
5) ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
Тармақша 6
6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
Тармақша 7
7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;
Тармақша 8
8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
Тармақша 9
9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
Тармақша 10
10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
Тармақша 11
11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
Тармақша 12
12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
Тармақша 13
13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
Тармақша 4
4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардағы, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.