О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10331-мен тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы»
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
ҚазақстанРеспубликасы
Мәдениет және спорт Министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 392 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 21 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік кітапханалармен, мемлекеттік музейлер және музей-қорықтармен ақылы қызметтерді көрсетудің және оларментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсаудың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағиданың қолданылуы мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтарға, осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде сатуды жүзеге асыру үшін таралады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кітапханалар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
Тармақша 3
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
Тармақша 4
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
Тармақша 7
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
Тармақша 8
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
Тармақша 9
9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
Тармақша 10
10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
Тармақша 11
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
Тармақша 3
3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
Тармақша 4
4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
Тармақша 5
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағалар мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар прейскурантымен (бұдан әрі – прейскурант) белгіленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында көрнекі қойылған мынадай ақпарат болуы қажет:
Тармақша 1
1) осы Қағида, толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған;
Тармақша 2
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тiзбесi;
Тармақша 3
3) прейскуранты.
Тармақ 7
7. Осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен ақша мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың иелігінде қалады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы негізде қызметтерді ұсынуды сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатқан кезде есептесулер міндетті түрде фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдаланумен және клиентке бақылау чегін берумен мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы, қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша – ағымдағы шотқа аудару жолымен жасалынады.
Тармақ 10
10. Қызметтің ақылы түрлерін көрсеткен кезде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатылған күні, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал жүргізіледі (ерікті нысанда).
Тармақ 11
11. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексімен реттеледі.
Тармақ 12
12. Осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақша бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексімен белгіленген тәртіппен жұмсалады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлy);
Тармақша 4
4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
Тармақша 5
5) кітап қорын, окуәлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
Тармақша 6
6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
Тармақша 7
7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;
Тармақша 8
8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
Тармақша 9
9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
Тармақша 10
10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
Тармақша 11
11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
Тармақша 12
12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
Тармақша 13
13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
Тармақша 4
4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік кітапханалардағы, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6443 тіркелді) және 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6352 тіркелді) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.