О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында қазақ және орыс тілдерінде көрнекі қойылған мынадай ақпаратты: 1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Қағидаларды; 2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін; 3) прейскурантты орналастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСЕМІН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі