О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 318 «Об утверждении Правил взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге общего пользования республиканского значения (участку)» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Ақылы учаскелерді пайдалану үшін төлемнен Заңның 5-2-баптарында көзделген автокөлік құралдарының санаты босатылады.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Ұйымдастырушы ақылы жолдар (учаскелер) бойынша жол жүру берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама жібереді. Егер пайдаланушы (жеке тұлға) ақылы жолдар (учаскелер) бойынша жол жүруден кейін күнтізбелік отыз (30) күн ішінде төлем жасамаса, ұйымдастырушы күнтізбелік отыз бірінші күні материалдарды «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабында көзделген тәртіппен қарастыру үшін көлік бақылау органдарына жібереді. Егер пайдаланушы (заңды тұлға) ұйымдастырушы жіберген шот-фактураларға сәйкес есептік айдан кейінгі 20-шы күнге дейін төлем жасамаса, ұйымдастырушы келесі күнтізбелік күні материалдарды «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабында көзделген тәртіппен қарастыру үшін көлік бақылау органдарына жібереді.»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайда автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ішкі регламентіне сәйкес ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жол жүру ақысын есептеу алгоритміне өзгерістер енгізеді.»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі