О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 333 «Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) подвижного состава и его залога, а также исключения из Государственного реестра подвижного состава» Қолданыста
Басқа 0
«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Шет мемлекеттен әкелінген (әкелінетін) және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелетін жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) жол берілмейді:
1) тартқыш және арнайы жылжымалы құрам, қалған қызмет ету мерзімі жасалған күннен бастап белгіленген қызмет ету мерзімінен 60 %-ынан кем емес, жасалған күнінен бастап есептелетін, Қазақстан Республикасында өндірілмейтін арнайы жол техникасын қоспағанда;
2) жүк және жолаушылар жылжымалы құрам, мынадай жылжымалы құрамды қоспағанда:
– жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын қызмет мерзімі;
– тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам деп жылжымалы құрам түсініледі:
вагон-хоппер: ыстық шекемтастарға арналған мөлшерлегіш, агломератты тасымалдауға арналған, цемент тасушы;
вагон-транспортер;
вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығы бар әмбебап;
тасымалдауға арналған вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт, тағамдық майлар, азық-түлік өнімдер және ауыз су;
думпкар вагоны;
вагон рефрижератор;
мұздақ;
термос.
Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасының қолданысы 2030 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі