О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 362 «Об утверждении Правил создания Фондово-закупочной (фондово-отборочной) комиссии в государственных музеях» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу)
комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12466 болып тіркелген) мынадай өзгерістертер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 35-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия өз қызметін «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының, 35-2) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.