О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 26 марта 2015 года № 45-4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Уйгурского района» Күшін жойған
Басқа 0
Ұйғыр аудандық мәслихатының
2015 жылғы 26 наурыздағы
«Ұйғыр ауданындағы аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы» № 45-4
шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 тіркелген, 2015 жылдың 01 мамырында «Қарадала тынысы–Қарадала нәпәси» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігіндегі және көрсетілген шешімнің қосымшасының кіріспе бөлігіндегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына» сөздері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына» деген сөздеріне ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 1 тармағының 5 тармақшасы және 7 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«5) мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттарының (бұдан әрі - Стандарт) № 9 тармағына сәйкес мемлекеттік корпорация немесе веб-портал арқылы өтініш береді.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.