Құжат мәтініне өту

О внесении изменении и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 52 "Об утверждении Перечня видов судебных экспертиз, производимых в органах судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Бұйрық · № 348 · қабылданған 22.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-52-ekb-91647/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменении и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 52 "Об утверждении Перечня видов судебных экспертиз, производимых в органах судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 348 ·22.06.2015
27.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 52 "Об утверждении Перечня видов судебных экспертиз, производимых в органах судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 348 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 52 "Об утверждении Перечня видов судебных экспертиз, производимых в органах судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
348
Қабылданған күні
22.06.2015
Көрсетілген редакция
27.03.2017 91647_172006.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011482
ЭКБ идентификаторы
91647
Редакция идентификаторы
91647_172006
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:28

0 «Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Сот сараптамасы
органдарында жүргізілетін сот
сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңының 12-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-бабының 2-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10277-мен тіркелген, 26.03.2015 ж. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізіміне 23-28 тармақтары келесідей мәтінде мазмұндалсын:

Жұмыс түрлері
Сараптамалық мамандық
Мамандық шифрі
23.
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мәйіттердің, жәбірленушілер мен айыпталушылардың және өзге де тұлғалардың сот-медициналық сараптамасы
Сот-жалпысараптамалық зерттеу
23.1
24
Сот-гистологиялық сараптама
Сот-гистологиялық зерттеу
24.1
25
Сот-биологиялық сараптама (медициналық)
Сот-биологиялық зерттеу (медициналық)
25.1
26
Медициналық-криминалистикалық сараптама
Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу
26.1
27
Химия-токсикологиялық сараптама
Сот химия-токсикологиялық зерттеу
27.1
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамасы түрлерінің тізімі келесідей мәтінде 28-тармақпен толықтырылсын:
28
Сот-наркологиялық сараптама
Сот-наркологиялық зерттеу
28.1

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:

1 1) Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

2 2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекет етеді.

Қолданыстағы