О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 689 «Об утверждении Правил конвоирования задержанных и лиц, заключенных под стражу, оперативно-следственными подразделениями органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; 60-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Айдауылмен алып жүру бағыты көліктегі ішкі істер органдарымен келісіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі