О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 731 «Об утверждении Методики определения лимитов государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств, Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерін айқындау әдістемесінде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес 3 (үш) жылдық кезеңге белгіленеді: ScolLG < InLB * k, мұндағы: ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің қабылдау лимиті мен қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті; InLB – жергілікті атқарушы органның жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген өз кірістерінің көлемі; k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде: облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,2; республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін олар аэровокзалының өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушы болатын әуежай салу, инновациялық орталығы бар академиялық қалашық, оның ішінде ғылыми-зерттеу институтын құру жөніндегі жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5. Жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ Қонаев қаласына және Алматы облысының индустриялық аймақтарына инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жөніндегі жобаларды дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кету сомасына ұлғайтылған лимит қолданылады. Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі: LmocolLG < ScolLG – CLLG, мұндағы: LmocolLG – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті; CLLG – жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының басындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері. Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелеріне МЖӘ туралы заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ Концессиялар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері туралы ақпарат береді. Егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі