О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 966 «Об утверждении Перечня руководящих должностей органов внутренних дел Республики Казахстан, подлежащих ротации и Правил проведения их перемещения» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротациялауға жататын басшы лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ішкі істер министрлігі бойынша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 224 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротациялауға жататын басшы лауазымдарының ТІЗБЕСІ Ішкі істер министрлігі бойынша өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы; Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттері бойынша департамент бастығы; департамент бастығының бірінші орынбасары; департамент бастығының орынбасары; қалалық, аудандық, желілік ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы; өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы; Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бойынша департамент бастығы; Астана, Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттері бойынша департамент бастығы; Оқу орындары бойынша ІІМ Академиясының бастығы; оқу орталығының бастығы.