О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 966 «Об утверждении Перечня руководящих должностей органов внутренних дел Республики Казахстан, подлежащих ротации и Правил проведения их перемещения» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Облыстардың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының, Алматы, Жезқазған және Шымкент қалаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Нұр-Сұлтан) мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы;»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирі;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (О.Ж. Жолдасов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.