О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2016 года № 118 «Об определении Единого контакт-центра» Күшін жойған
Басқа 0
«Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы
№ 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 81-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.