О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 июля 2016 года № 350 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданского персонала воинских частей и учреждений, работников казенных предприятий Вооруженных Сил Республики Казахстан и установления рабочим процентной надбавки за работу в Вооруженных Силах Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындайтын құжат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат, әскери қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – әскери билет болып табылады.»;
11-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасы Құрылтай депутатының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асыру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.