О внесении дополнения в решение маслихата города Актобе от 26 апреля 2016 года № 36 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және 444 бабының 1 тармағына, сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4939 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымдағы «Ақтөбе» газетінде және 2016 жылғы 1 маусымдағы «Актюбинский вестник» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағында: «бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері» сөздерінен кейін «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.