О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 38 «Об утверждении перечня открытых данных, размещаемых на Интернет-портале открытых данных» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12952 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: ашық деректердің Интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесінде: 14, 15 және 40-бағандар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаздағы және элетрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ______________ Д. Абаев 2018 жылғы «___»______