О внесении изменении в решение районного маслихата от 26 августа 2016 года № 47-VI «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Макатскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI «Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы № 47-VI «Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3613 болып тіркелген, 2016 жылғы 07 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмері 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
Емханалар
1 келіп кету
3,0
»;
реттік нөмері 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Ауруханалар, өзге де
емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
3,9
»;
реттік нөмері 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
9
Мейрамханалар, дәмханалар,
қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
2,3
»;
реттік нөмері 10-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
10
Театрлар, кинотеатрлар,
концерт залдары, түнгі
клубтар, ойынханалар,
ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,2
»;
реттік нөмері 19-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
19
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
4,04
».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақат аудандық мәслихатының экология, ауылшаруашылығы және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Тәжібаев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.