О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (бұдан әрі – «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң) Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
38, 39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығымен бекітілген Білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес кадрларды дайындайды (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17755 тіркелген).
39. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу түріне түсуге ниет білдірген азаматтар цифрлық жүйе арқылы тіркеледі және өтініш береді не болмаса одан әрі цифрлық жүйеде тіркеле отырып, тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне өтініш береді.
Сәтті тіркелгеннен кейін кандидатқа цифрлық жүйеде «жеке кабинет» құрылады.
Өтінішке қоса беріледі:
1) цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын электрондық құжат;
2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см фотосурет);
3) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;
4) Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар үшін ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).
ІІБ-нің аумақтық бөлімшелері жеке құраммен жұмыс істеу кезінде жүйеде тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер ұсынылған материалдар толық болмаса, екі жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеде хабарлама жібере отырып, қайта өңдеуге жібереді.
40. ІІМ-нің жеке құраммен жұмыс жөніндегі қызметі ІІО-ның аумақтық бөлімшелері үшін ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды жіберу жөніндегі жоспарды әзірлейді.
41. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІО аумақтық бөлімшелері:
1) ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста хабарландырулар орналастыруды ұйымдастырады;
2) тұрғылықты жері бойынша оқуға кандидаттарды кәсіби бағдарлау, іріктеу және тексеру жұмыстарын жүргізеді.»;
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Цифрлық жүйеде ІІМ арнаулы оқу орындарына түсу конкурсына қатысу үшін кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Тізімді қалыптастыру кезінде әрбір кандидатқа дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша кандидаттарды іріктеу кезінде қолданылатын бірегей тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.
Кәмелетке толмаған кандидаттар үшін – ата-анасының (заңды өкілінің) деректерді өңдеуге және кандидаттың іріктеудің барлық кезеңдеріне қатысуына келісімін алғаннан кейін.
44. Өтінішті сәтті тіркеп, тапсырғаннан кейін цифрлық жүйе кандидаттарға медициналық куәландыруға жолдама береді.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді өткізу мерзімдері туралы ақпарат цифрлық жүйеде орналастырылады және кандидаттарға хабарламалар арқылы жеткізіледі.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруды аумақтық бөлімшелердің өңірлік комиссиясы (бұдан әрі – өңірлік комиссия) және арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі – қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.
Аумақтық ІІО бөлімшелерінде кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Дене даярлығың тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады. Комиссия құрамына аумақтық ІІО бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша азаматтардың өтініштерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өкілдері ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатысады.
Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.
Қабылдау комиссиясының хатшысы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген) арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.
Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары ақпараттық жүйеде деректерді ресімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қабылдау комиссиясы:
1) кандидаттардың деректерін ақпараттық жүйеде қарауды жүзеге асырады;
2) конкурстық тізімдерді және кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы қабылдау комиссиясының хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;
3) конкурстық іріктеу жүргізеді;
4) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
5) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасайды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді;
6) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.»;
50 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) сәйкес, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізіледі.
Комиссия шешімін цифрлық жүйеге енгізіледі. Бұл туралы ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға үміткерлер жеке кабинеттегі хабарлама арқылы біледі.
«52. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады.»;
60, 61, 62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Әр спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелері Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жеке ведомоста тіркеледі, кандидаттардың дене шынықтыру тексеру жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері цифрлық жүйеге енгізеді және автоматты түрде кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгіленгеннен кейін қайта тапсыруға жол берілмейді.
61. Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру туралы деректер негізінде цифрлық жүйе осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес кандидаттың дене даярлығы бойынша сынақты тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы қорытынды шығарады.
62. Дене даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат жеке кабинетте цифрлық жүйе арқылы «келіспеймін» деген позицияны таңдайды.
«Келіспеймін» деген позицияны таңдаған кезде апелляцияға өтініш автоматты түрде қалыптастырылады.
63. Апелляция физикалық дайындық бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қалыптастырылады және тәулік ішінде апелляциялық комиссиямен қаралады.»;
65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Апелляциялық комиссияның шешімі өңірлік комиссия құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда хаттамамен рәсімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.
66. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
Цифрлық жүйе арқылы бірыңғай сараланған тізім, конкурс бойынша өткендердің тізімі және резервтік тізім қалыптастырылады.
Кандидатты курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешімді орталық қабылдау комиссиясы цифрлық жүйе арқылы сараланған тізімге сәйкес конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша шығарады. Кандидаттарды конкурстық іріктеу қорытындылары олардың таралуын болдырмау мақсатында үміткердің дербес деректерін шифрлай отырып, бес жұмыс күні ішінде цифрлық жүйе арқылы жарияланады.
Резервтік тізімге конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша қабылданғандардың негізгі тізіміне өтпеген, бірақ қалған үміткерлер арасында ҰБТ-ның ең жоғары балдары бар кандидаттар енгізіледі. Резервтік тізімге енгізу тәртібі қорытынды балдың кемуімен айқындалады.
Егер арнаулы оқу орнына қабылданған кандидат оқудан бас тартса, оның орнына резервтік тізімнен келесі кандидат шақырылады.
Резервтік тізімге қабылданған кандидаттар бос орындар болған жағдайда оқуға түскен күннен бір айдың ішінде қабылдануы мүмкін.»;
69, 70, 71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Медициналық куәландырудың және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырудың оң нәтижесі болған кезде конкурстан тыс қабылданады:
1) Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, Білім беру грантын беру қағидаларында кандидаттарға белгіленген талаптар бойынша шекті деңгейдегі балл жинаған адамдар, бірақ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған жоғары білімді кадрларды даярлаудың жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысының 10 % аспайды»;
3) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;
4) ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 100 балл жинаған адамдар;
5) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар тұлғалар;
6) «Жас сақшы» полиция сыныптарының түлектері;
7) TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) халықаралық стандартталған тесттерінің сертификаты 460 балдан төмен емес, TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ) 46 балдан төмен емес, IELTS (АЙЛТС) 5.5 балдан төмен емес сертификаттары бар тұлғалар.
70. ҰБТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға түсуге басым құқығы бар:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар;
кадеттік оқу орындарының, әскери мектеп-интернаттардың негізгі білім беру бағдарламаларын не әскери-патриоттық немесе заңдық бағыттардағы қосымша білім беруді аяқтағаны туралы растайтын құжаттары бар адамдар;
ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер бірінші рет жоғары білім алса;
жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын соңғы үш жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жобалар) жеңімпаздары жалпы білім беретін пәндер бойынша жарыстар, орындаушылар конкурстары, таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылындағы кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқық болмаған кезде аттестаттың орташа балдары жоғары адамдар қабылданады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқық болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша жинаған балдары ескеріледі.
71. Қабылдау комиссиясының үміткерлерді курсанттар қатарына қабылдау, сондай-ақ резервтік тізімге енгізу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және де арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен қол қойылады.
72. ІІМ арнаулы оқу орындары ІІМ кадр қызметіне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.
Кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттаманың көшірмесі ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық шығаруы үшін және ІІМ арнаулы оқу орындарына, ІІО аумақтық бөлімшелеріне жіберілетін кандидаттардың жеке істерін ресімдеу үшін негіз болып табылады. Кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттама ІІМ арнайы оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрығын шығаруға және ІІМ арнайы оқу орындарына жіберілетін кандидаттардың жеке істерін ІІО аумақтық бөлімшелерінің ресімдеуіне негіз болып табылады.
Кандидаттардың ресімделген жеке істері ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау туралы хаттама бекітілген күннен бастап 14 жұмыс күн ішінде ІІМ арнаулы оқу орындарына жіберіледі.»;
көрсетілген Қағидаларына 1-1 қосымшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсің.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.