О внесении изменения в решение Жанакорганского районного маслихата от 26 декабря 2017 года № 05-16/191 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/191 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №05-16/191 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6145 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде 2018 жылы 22 қантарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" ақпандағы № 312 шешіміне қосымша Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы "26" желтоқсандағы №05-16/191 шешіміне 1-қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары(бұдан әрі- Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Жаңақорған ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
Тармақша 1
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
Тармақша 2
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерiн тұтынуына;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық бөлімі (бұдан әрі- Бөлім) және "электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 3-2
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 2 бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды. 4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 5
5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 6
6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 7
7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) банктік шоты;
Тармақша 9
9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
Тармақша 10
10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 11
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 12
12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидалардың 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Тармақ 4-1
4-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 4-2
4-2. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 4-3
4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 4-4
4-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 4-5
4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 4-6
4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".
Тармақ 5
5. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 7
7. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тармақ 8
8. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 9
9. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға: Үш адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт; Үш адамнан жоғары отбасына - 150 киловатт.
Тармақша 2
2) Газ пайдалану нормалары 1 айға: Үш адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм; Үш адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм. Газ құбырына жалғанған табиғи газ: Үш адамға дейінгі отбасына – 20 метр куб; Үш адамнан жоғары отбасына – 40 метр куб.
Тармақша 3
3) Отын пайдалану от жағу маусымына (1 айға): отын (көмір): қазан, қараша айларына 500 килограмнан, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 1000 килограмнан, наурыз, сәуір айларына 500 килограмнан; газ құбырына жалғанған табиғи газ: қазан, қараша айларына 300 метр кубтан, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 500 метр кубтан, наурыз, сәуір айларына 300 метр кубтан. Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылу мен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Тармақ 11
11. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.