О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 26 сентября 2017 года № 116 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 «Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 «Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5676 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
3-1,4,5,6,9 тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
«4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 20498 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес уәкiлеттi органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.»;
«5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінің 7 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.»;
«9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.