О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 мая 2017 года № 340 «Об утверждении Правил отражения поступлений бюджета в годовой консолидированной финансовой отчетности об исполнении республиканского, областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15266 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _________________Н.Айдапкелов 2018 жылғы «___» _____________
Басқа 0. Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қантардағы № 34 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығымен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
Тармақша 2
2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Тармақша 4
4) кірістер – капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;
Тармақша 5
5) міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің бар міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;
Тармақша 6
6) республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орталық атқарушы органның құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомствосы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган – орталық уәкілетті органның салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін ведомствосы;
Тармақша 8
8) салық оқиғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жататын оқиға.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнен, қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Тарау 2. 2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі
2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте тиісті бюджетке түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.
Тармақ 5
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары қолданылады.
Тармақ 6
6. Бюджет түсімдері бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Бюджетке түсетін түсімдер операцияларын есепке алу тиісті мемориалдық ордерларда жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының «Бас журнал» кітабында жүйелендіріледі.
Тармақ 8
8. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады. «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
Тармақ 10
10. Жиынтық есеп есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.
Тарау 3. 3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі
3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі
Тармақ 11
11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды.
Тармақ 12
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес операциялардың немесе оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.
Тармақ 14
14. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер нәтижесінде туындайтын ресурстар субъекті өткен (салық) оқиға нәтижесінде ресурстарға бақылауды алған және осы ресурстардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті алуды күткен кезде активті айқындауды қанағаттандырады. Салықтық түсімдерден алынған ресурстар егер ресурстар ағыны және олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін деп күту ықтимал болса, активті тану өлшемшартына сәйкес келеді.
Тармақ 16
16. Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.
Тармақ 17
17. Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша – ресурсты бақылау ҚҚС бойынша салық салынатын қызметті жүзеге асыруды - есепті кезеңде ҚҚС есепке ала отырып, тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатуды білдіретін салық оқиғасы туындаған кезде басталады.
Тармақ 18
18. Салықтар бойынша аванстық түсімдер мәні жағынан басқа аванстық түсімдерден ерекшеленбейді. Міндеттеме салық оқиғасы басталғанға дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.
Тармақ 19
19. Айырбас емес операциядан түсетін кіріспен байланысты туындайтын, міндеттеменің айқындамасына жауап беретін қолда бар міндеттеме: міндеттемені орындау үшін экономикалық пайда мен сервистік әлеуетті қамтитын ресурстар ағынын талап ету ықтималдығы болған; міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болған кезде міндеттеме деп танылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган: бюджетке салықтардың түсу сәті бойынша; немесе салық салынатын кіріс алу немесе өзге салық салу объектісі туындау сәті бойынша (мысалы, салық төлеушінің салықтар бойынша декларация ұсыну сәті бойынша) айырбас емес перациялардан алынатын кірістерді тану үшін салық оқиғасының басталу кезін айқындайды.
Тармақ 21
21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.
Тармақ 22
22. Айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша кіріс (мемлекеттік баж, алымдар және төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есептерді ұсынған сәтте басталады.
Тармақ 24
24. Салықтық емес түсімдер (айыппұлдар мен өсімпұлдар) бюджетке ақшалай қаражат түскен сәтте кіріс деп танылады. Айыппұлдар мен өсімпұлдар алуға жататын сома активті айқындауды қанағаттандырған және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда кіріс ретінде танылады.
Тармақ 25
25. Бюджетке:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
Тармақша 2
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
Тармақша 3
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;
Тармақша 4
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Тармақ 26
26. Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, 6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер» шоты қолданылады. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды өткізуден түсетін түсімдерді көрсету үшін 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер» шоты қолданылады.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады. Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің ҚБШ есептеу сәтінде танылады және 6085 «Бюджетке трансферттер түсімі» қосалқы шотында ескеріледі.
Тармақ 28
28. Республикалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін 1046 «Республикалық бюджеттің ҚБШ», жергілікті бюджеттерге 1047 «Жергілікті бюджеттер ҚБШ» қосалқы шоттары қолданылады. 1046 «Республикалық бюджет ҚБШ», 1047 «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ» қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында шығыстарды одан әрі жүргізу үшін бірыңғай қазыналық шотынан түсімдерді есептеу ескеріледі және оны орындау барысында бюджет жағдайының сипаттамасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. 6060 «Гранттар бойынша кірістер» қосалқы шоты қолданылатын гранттардың түсімдерінен түсетін кірістерді қоспағанда, тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 «Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер», 6082 «Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер» қосалқы шоттары қолданылады.
Тармақ 30
30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 «Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 «Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қолданылады.
Тармақ 31
31. Төлем жүргізушімен есеп айырысу кезінде салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бұрын есептелген түсімдер бойынша түзету кезінде 7260 «Бюджетке түсімдерді азайту бойынша шығыстар» шоты қолданылады.
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Индексі: 1-СО Мерзімділігі: жылдық. Ұсынатындар: Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері. Қайда ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға. Ұсыну мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін Бюджет түрі _______________________ Өлшем бірлігі: теңге Тү­сім­дер­дің бюд­жет сы­нып­та­ма­сы ко­ды Бюд­жет сы­нып­та­ма­сы коды­ның ата­уы Тө­лем тү­рі Жыл ба­сын­да­ғы саль­до Есеп­тел­ген са­лық­тар (тө­лем­дер) Азай­ты­л­ған са­лық­тар (тө­лем­дер) Түс­кен са­лық­тар (тө­лем­дер) Қай­та­ры­л­ған (есеп­ке жат­қы­зы­л­ған) са­лық­тар (тө­лем­дер) Са­лық мін­дет­те­ме­сі­нің өзгер­ген орын­да­лу мер­зі­мі бой­ын­ша са­лық (тө­лем) со­ма­сы са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек Жыл со­нын­да­ғы саль­до са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны І бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зі­ле­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл ай­ып­пұл анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х Жиы­ны II бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зі­ле­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл х х х х х х ай­ып­пұл х х х х х х анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х Жиы­ны * Есеп кедендік төлемдер мен салықтар сомасы ескеріле отырып ұсынылды Басшы __________ _______________________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Орындаушы ___________ __________________________ (қолы) (қолды таратып жазу)
Басқа 1.1
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» (бұдан әрі – Жиынтық есеп) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Жиынтық есеп төолемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.
Тармақ 4
4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар қол қояды.
Тарау 2. 2- бөлім. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
2- бөлім. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Жиынтық есептің І бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Жиынтық есептің ІІ бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Жиынтық есептің 6-бағанында «қоса есептелгендер» операцияларын қоса алғанда, бюджетке есептелген салық (төлем) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Жиынтық есептің 7-бағанында бюджетке салықтар (төлемдер) азаю сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жылдағы бюджетке салықтар (төлемдер) түсімі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Жиынтық есептің 9-бағанында есепті жылдағы салықтар (төлемдер) бюджеттен қайтарылған (есепке жатқызылған) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) (9-баған) шегере отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) бекітілен Республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 17
17. Жиынтық есептің 10-бағанында есепті жылдың салық міндеттемесінің өзгерген орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімшелері:
Тармақша 1
1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;
Тармақша 2
2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;
Тармақша 3
3) бересі мен артық төлемнің туындау себептеріне талдауды жүзеге асырады. Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынылады.