О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 мая 2017 года № 340 «Об утверждении Правил отражения поступлений бюджета в годовой консолидированной финансовой отчетности об исполнении республиканского, областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15266 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.»; 5-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 7-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жиынтық есеп ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, талдау мақсатында – ағымдағы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Корпоративтік табыс салығы бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.»; 17 және 18-тармақтар орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Салық кодексінде, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.»; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады. Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау (бұдан әрі - ҚБШ) есептеу сәтінде танылады және 6085 «Бюджетке трансферттер түсімі» қосалқы шотында ескеріледі.»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 «Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 «Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қолданылады. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жиынтық операциялары бойынша жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша берешек/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі ұлттық статистика агенттігінің бюросы
Басқа 0. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 140 Бұйрыққа қосымша Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Индексі: ЖЕ-1 Мерзімділігі: жылдық. Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www. minfin.gov.kz Ұсынатындар: Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері. Қайда ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға. Ұсыну мерзімі – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін Бюджет түрі _______________________ Өлшем бірлігі: теңге Тү­сім­дер­дің бюд­жет сы­нып­та­ма­сы ко­ды Бюд­жет сы­нып­та­ма­сы коды­ның ата­уы Тө­лем тү­рі Жыл ба­сын­да­ғы саль­до Есеп­тел­ген са­лық­тар (тө­лем­дер) Азай­ты­л­ған са­лық­тар (тө­лем­дер) Түс­кен са­лық­тар (тө­лем­дер) Қай­та­ры­л­ған (есеп­ке жат­қы­зы­л­ған) са­лық­тар (тө­лем­дер) Са­лық мін­дет­те­ме­сі­нің өзгер­ген орын­да­лу мер­зі­мі бой­ын­ша са­лық (тө­лем) со­ма­сы са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек Жыл со­нын­да­ғы саль­до са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша бе­ре­шек са­лық­тар (тө­лем­дер) бой­ын­ша ар­тық тө­лем 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиы­ны І бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зі­ле­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл ай­ып­пұл анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х Жиы­ны II бө­лім. Же­ке шот­тар жүр­гі­зіл­мей­тін са­лық­тық тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар са­лық өсім­пұл х х х х х х ай­ып­пұл х х х х х х анық­тал­ма­ған тү­сім­дер х х х х х х Жиы­ны Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды. Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам ______ ____________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Орындаушы ______ ____________________________ қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, «Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп» (бұдан әрі – Жиынтық есеп) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.
Тармақ 4
4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Жиынтық есептің І «Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар» бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Жиынтық есептің ІІ «Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар» бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Жиынтық есептің 6-бағанында «қоса есептелгендер» операцияларын қоса алғанда, бюджетке есептелген салық (төлем) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Жиынтық есептің 7-бағанында бюджетке салықтар (төлемдер) азаю сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жылдағы бюджетке салықтар (төлемдер) түсімі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Жиынтық есептің 9-бағанында есепті жылдағы салықтар (төлемдер) бюджеттен қайтарылған (есепке жатқызылған) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.
Тармақ 17
17. Жиынтық есептің 10-бағанында есепті жылдың салық міндеттемесінің өзгерген орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері:
Тармақша 1
1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;
Тармақша 2
2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;
Тармақша 3
3) бересі мен артық төлемнің туындау себептеріне талдауды жүзеге асырады. Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.