О признании утратившим силу постановления акимата Костанайского района Костанайской области от 26 марта 2018 года № 144 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» местных исполнительных органов Костанайского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 144 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 144 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7704 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.