О признании утратившим силу постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 26 июня 2018 года № 177 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 177 «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 26 маусымдағы № 177 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7946 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.