О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 26 марта 2018 года № 26/3 «О ставках земельного налога» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі–Салық кодексі) 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелді, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
келесі мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 1-1
«1-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 504, 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын, соған сәйкес:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;
Тармақша 2
2) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;
Тармақша 3
3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.»;
2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 2
«2. Осы тармақтың 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болуын белгілеп, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 704-бабымен анықталған бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.»;
4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 4
«4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-1-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.