О внесении изменений и дополнений в решение Темиртауского городского маслихата от 26 июня 2018 года № 27/6 «О понижении или повышении ставок земельного налога и об утверждении схемы зонирования земель города Темиртау для целей налогообложения» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/6 «Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/6 «Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы»; 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.»; 1-1 тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 0. Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 14/4 Шешіміне 1 қосымша Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 1. Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларынан жер салығының ставкалары арттыру
Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 14/4 Шешіміне 2 қосымша Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларынан жер салығының ставкалары арттыру № Жер көлемі Аумақ нөмірі жер салығының ставкалары арттыру % 1 I 1,4,11 +50 2 II 5 +40 3 III 2 +35 4 IV 10 +20 5 V 3,6,7 +15 6 VI 8 +10 7 VII 9 0 8 VIII 12,13 0