О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 26 декабря 2018 года № 399 «Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающих месторасположение объектов налогообложения в населенных пунктах Айыртауского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 399 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін (аймақтарға) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 399 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
8 реттік нөмірі жолында «Воскресеновка» сөзі «Баянтай» сөзіне алмастырылсын;
45 реттік нөмірі жолында «Карасевка» сөзі «Қамсақты» сөзіне алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі мемлекеттік кірістер
комитеті Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Айыртау
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________А.Оразалин
«___»__________2025 ж.