О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2018 года № 404 «Об утверждении форм сведений о плательщиках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников и объектах обложения, их месте нахождения, выданных разрешениях на специальное водопользование, установленных лимитах водопользования, изменениях, внесенных в разрешения и лимиты водопользования, о результатах проверок по соблюдению водного законодательства Республики Казахстан, судебных решен Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16707 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 508 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына 2-қосымша нысан Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ жылғы___тоқсан Индексі: ___________ Кезеңділігі: токсандық Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей № Тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­нің ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) заң­ды ме­кен-жайы (ор­на­лас­қан же­рі) Ре­зи­дент (бей­ре­зи­дент) Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну же­рі Рұқ­сат құ­жат­тың нө­мі­рі, кү­ні неме­се бұ­зу­шы­лық хат­та­ма­сы­ның нө­мі­рі, кү­ні Рұқ­сат құ­жа­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі Ба­ға­лы жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­сі, тең­ге­мен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ЖИЫ­НЫ: Кестенің жалғасы Та­би­ғи ор­та­дан алын­ған жа­ну­ар­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Зи­ян кел­тір­ген әр­бір ба­стың, бір ки­ло­грам­мы үшін өте­удің мөл­ше­рі (АЕК*) Бюд­жет­ке тө­ле­нуі ти­іс тө­ле­ма­қы со­ма­сы (10-ба­ған х 12-ба­ған) неме­се бюд­жет­ке тө­ле­нуі ти­іс за­лал со­ма­сы (12-ба­ған х 13-ба­ған) Өл­шем бір­лі­гі. (да­на, ки­ло­грамм, тон­на). Жа­ну­ар­лар са­ны (сал­ма­ғы) (да­на, ки­ло­грамм, тон­на). 11 12 13 14 кестенің жалғасы Оның ішінде: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қоюға арналған квоталар бойынша 350 еселік АЕК мөлшерінен асып кеткен жағдайда кәсіпшілік балық аулау объектілері бойынша бюджетке төленетін төлем сомасы (10-баған х 12-баған ) қолма-қол ақшамен енгізілген екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын мекемелер арқылы енгізілген Төлемнің төлеу мерзімі ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20% Төлемнің төлеу мерзімі – квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40% Төлемнің төлеу мерзімі квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40% сома төлем құжатының № және күні сома төлем құжатының № және күні 15 16 17 18 19 20 21 _______________________________________________________________ (Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану (қолы, мөр орны) саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органдары басшысының немесе оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________________________________________________ __________ (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, (қолы) әкесінің аты (ол болған кезде) Жасалған күні 20__ жылғы «___»______________________ Ескертпе: *АЕК- айлық есептік көрсеткіш