О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2018 года № 404 «Об утверждении форм сведений о плательщиках платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников и объектах обложения, их месте нахождения, выданных разрешениях на специальное водопользование, установленных лимитах водопользования, изменениях, внесенных в разрешения и лимиты водопользования, о результатах проверок по соблюдению водного законодательства Республики Казахстан, с Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №404 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16707 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 566-бабыны 3-тармағына, 580-бабының 4-тармағына, 584-бабының 4, 4-1 және 5-тармақтарына және 589-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері мәліметтер нысаны;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 6
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі»
Басқа 0. Өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 30 мамырдағы № 567 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына қосымша нысан Өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер Индексі: __________ Кезеңділігі: тоқсандық Ақпарат беретін тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей № Өсім­дік ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), ме­кен-жайы Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің сы­нып­та­уы­шы бой­ын­ша код Өсім­дік әле­мін пай­да­ла­ну түр­ле­рі Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның тү­рі Бұ­зу­шы­лық тү­рі Өсім­дік­тер дү­ни­е­сін кү­зе­ту, қор­ғау, қал­пы­на кел­ті­ру және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да ха­бар­ла­ма нө­ме­рі, мер­зі­мі, кү­ні Бұ­зу­шы­лық хат­та­ма­сы­ның нө­мі­рі және кү­ні Өсім­дік­тер дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­дың рұқ­сат еті­л­ген кө­ле­мі неме­се заң­сыз пай­да­ла­ну­дың нақ­ты кө­ле­мі тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­сі, өл­шем бір­лі­гі (ки­ло­грамм) Тө­лем мөл­шер­ле­ме­сі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Бар­лы­ғы: кестенің жалғасы Та­лап еті­л­ген за­лал со­ма­сы Сот­қа бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар Бюд­жет­ке ен­гі­зі­луі ти­іс со­ма (12-ба­ған х 13-ба­ған) Оның ішін­де: кү­ні со­ма кү­ні со­ма қол­ма-қол ақ­ша­мен тө­лен­ген Банк ме­ке­ме­сі ар­қы­лы ен­гі­зі­л­ген Со­ма, тең­ге­мен Тө­лем құ­жа­ты­ның № мен кү­ні Со­ма, тең­ге­мен Тө­лем құ­жа­ты­ның № мен кү­ні 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ______________________________________________________________________________ (Басшының немесе оның тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы, МО) уәкілетті мемлекеттік органды алмастыратын өсімдіктер әлемін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында) ___________________________________________________________________________________ (Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (қолы) мәліметтерді жасауға жауапты) Жасалған күні 20___ жылғы «___» ___________________