О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 ноября 2018 года № 646 «Об утверждении Правил организации и финансирования подготовки кадров с техническим и профессиональным образованием, краткосрочного профессионального обучения, по проекту «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін»), переподготовки трудовых ресурсов и сокращаемых работников, подготовки квалифицированных кадров по востребованным специальностям на рынке труда в рамках проекта «Жас маман» п Күшін жойған
Басқа 0
«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
68 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы өңірлердің білім беру ұйымдарында іске асырылады (бұдан әрі – еңбек тапшы өңірлерлер), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген «Қандастарды және қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» (бұдан әрі – № 83 қаулы).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
___________________________
2020 жылғы «___»_________