О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 «О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: 38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;»; 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу және бекіту; 48) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсыну;»; 50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «50) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын: «88-1) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 136-1) тармақшамен толықтырылсын: «136-1) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 154-1) тармақшамен толықтырылсын: «154-1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 186-2) тармақшамен толықтырылсын: «186-2) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін әзірлеу;»; 233) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «233) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларын және оның номинацияларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 233-1), 233-2) және 233-3) тармақшалармен толықтырылсын: «233-1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ақшалай сыйақы мөлшерiн бекіту; 233-2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 233-3) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мөлшері мен санын бекіту;»; 259-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «259-11) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 259-12) тармақша алып тасталсын; 259-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «259-13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.