О признании утратившим силу приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 151 «Об утверждении перечня регулируемых услуг» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі