О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 177/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы « » ________
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 177 бұйрығымен
бекiтілген
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ғарыш қызметі саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Комитеттің қысқартылған атауы – «Қазғарыш».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 3
3) ғарыш технологиялары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын жасау;
Тармақша 5
5) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау;
Тармақша 6
6) Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алуы бойынша жұмыстарды өз құзыреті шегінде үйлестіру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 7
7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 9
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер әзірлейді;
Тармақша 10
10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Тармақша 11
11) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) бухгалтерлік есеп жүргізеді;
Тармақша 13
13) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;
Тармақша 14
14) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың өз құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ғарыш қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
Тармақша 3
3) комитеттің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 4
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 5
5) ғарыш саласындағы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 13
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғарыш саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде құзырет шегінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 17
17) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19
19) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;
Тармақша 22
22) халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;
Тармақша 23
23) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 24
24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 26
26) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 27
27) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;
Тармақша 28
28) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31) ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 32
32) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 34
34) «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;
Тармақша 37
37) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 38
38) ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
Тармақша 39
39) ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 40
40) ғарышкерлiкке кандидаттарды iрiктеу және ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер мәртебесiн беру тәртiбiн әзiрлеу;
Тармақша 41
41) ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, мертiгуiнiң, ауруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде, сондай-ақ ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн әзiрлеу;
Тармақша 42
42) ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 43
43) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу;
Тармақша 45
45) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну тәртiбiн әзiрлеу;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлеу;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін әзірлеу;
Тармақша 48
48) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратудың тәртiбiн әзiрлеу;
Тармақша 49
49) Ресей Федерациясы жүзеге асыратын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және\немесе зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытынды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу және олардың іске асырылуын мониторингілеу;
Тармақша 50
50) өнімнің экспортын, реэкспортын, импортын, транзитін және қайта өңделуін келісу бойынша экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу;
Тармақша 51
51) құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, оларға үстеме ақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 8
8) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс береді.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
«Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Республикалық мемлекеттік мекеме:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.